Футбол
Бүгін 09:18

"Үнің шықпасын". Мбаппеге "Алтын допқа" қатысты ауыр шындық айтылды

©Depositphotos/Musiu0

ПСЖ-ның бұрынғы футболшысы Жером Ротен "Реал" мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппенің "Алтын допқа" үміткер болуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін Мбаппе беделді жеке жүлдені өзі иеленуі тиіс екенін мәлімдеген болатын.

Ротен Мбаппенің талабын сынға алды

"Оның әрбір сөзі егжей-тегжейлі есептелген. "Алтын допты" иеленген футболшылардың ешқайсысы оны Мбаппе сияқты талап еткенін көрмеппін. Килиан, өткен маусымда сені үздік болды ешкім есептемейді. Жыл бойы бірде-бір трофей жеңіп алмаған болсаң, үнің шықпасын!" - деді Ротен RMC Sport эфирінде.

Алайда 2026 жылғы әлем чемпионатында Мбаппе турнирдің үздік сұрмергені атанды. Франциялық шабуылшы сегіз матчта 10 гол соқты. Дегенмен Франция құрамасы финалға шыға алмай, үшінші орын үшін өткен матчта Англиядан ұтылып қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport