Үндістанда Роналдудың мүсіні орнатылды. Халық наразылық танытты

30 желтоқсан 2021 06:14
©telegram

Үндістанның Гоа штатында әлемдегі ең танымал ойыншылардың бірі Криштиану Роналдудың мүсіні орнатылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Алтын түспен жалатылған тас мүсіннің салмағы 410 келі. Гоа штатының Калангут қаласында орнатылған Роналдудың мүсінін жасауға 16 мың АҚШ доллары жұмсалған.

"Криштиану Роналдудың мүсіні Үндістан жерінде алғаш рет орнатылып отыр. Жергілікті жастардың сұранысымен және елімізде футболды дамыту мақсатында осындай қадамға бардық", - деп Гоаның Білім және Технология министрі Майкл Лобо twitter парақшасында жазба қалдырды.

Алайда жергілікті халықтың басым бөлігі мүсіннің орнатылуына қарсы шығып отыр. Оның басты себебі – 1961 жылға дейін Гоа штаты Португалияның колониясы болған.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: