Үміткерлер тізіміне де кірмеген Месси "Алтын допты" кім алатынын айтты

©Reuters

"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы, 2005 жылдан бері алғаш рет "Алтын допқа" үміткерлер тізіміне кірмей қалған Лионель Месси бұл сыйды алатын футболшыны атады.

"Осы жылға еш күмән жоқ деп ойлаймын. Карим Бензема маусымды тамаша өткізді", - деп береді Мессидің сөзін Football Espana твиттер желісінде. 

Айта кетейік, 35 жастағы Месси "Алтын допты" жеті рет иеленген. 

34 жастағы Бензема 2021/22 маусымындағы 36 матчта 44 гол салып, 15 ассист жасады. "Реалмен" бірге франциялық ойыншы Испания чемпионаты мен суперкубогін, Чемпиондар лигасы және УЕФА суперкубогін жеңіп алды.

Францияда Месси "Алтын допқа" үміткерлер тізіміне неге кірмегенін түсіндірді

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар