Үміт бар. "Қызыл-Жар" Кипрде ұятқа қалмады

©instagram.com/fcqyzyljar

"Қызыл-Жар" клубы Конференция лигасының үшінші іріктеу айналымында қонақта АПОЭЛ-мен кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Никосиядағы матчта 1:0 есебімен алаң иелері жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз голды 27-минутта Гиоргос Эфрем салды.

Жалпы кездесу барысында АПОЭЛ 13 соққының жетеуін қақпаға дәл бағыттады. 13 бұрыштама добын көтерді. Ал Әли Әлиев жаттықтыратын қонақтар болса қарсылас қақпасына бір соққы жасаған жоқ. Сонымен қатар, бірде-бір бұрыштама добын нүктеден көтермеді.

Қарымта ойын 11 тамыз күні "Астана Аренада" өтеді. Еурокубок дебютанты жасанды төсеніште Кипр аралынан келген қарсыластарын ыңғайлы есеппен ұтқан жағдайда жарыстың плей-офф раундына шығады. Үміт бар. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport