Футбол
29 маусым 17:50
 

"Ұлытау" командасының бас жаттықтырушысы қызметінен кетті

  Пікірлер

blog.share

"Ұлытау" командасының бас жаттықтырушысы қызметінен кетті © "Ұлытау" ФК

Иван Геннадьевич Азовский «Ұлытау» футбол клубындағы қызметін ресми түрде аяқтайды. Онымен бірге оның көмекшісі Фамильцев Александр Михайлович те клубтан кетеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Иван Геннадьевич Азовский «Ұлытау» футбол клубындағы қызметін ресми түрде аяқтайды. Онымен бірге оның көмекшісі Фамильцев Александр Михайлович те клубтан кетеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Иван Геннадьевич 2023 жылы клуб құрылымына қосылып, алдымен Футбол орталығының жетекшісі қызметін атқарды. Өз ісіне деген жанашырлығы мен жауапкершілігі арқылы клубтың дамуына берік негіз қалады.

Кейінірек негізгі команданы қабылдап, 2024 жылғы маусым қорытындысы бойынша «Ұлытауды» алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасына шығарды. Бұл — клуб тарихындағы аса маңызды жетістік,- деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ұлытау облысы | FC Ulytau (@fc_ulytau)

"Ұлытау" командасы осы маусымда 15 матч өткізді. 3 рет ұтып, 3 рет тең ойнап, 9 ойында ұтылды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!