Ұлттыр лигасында Қазақстан мен Молдова арасындағы тоғыспа кездесудің қашан өтетіні белгіленді

©ҚФФ

Еуропа футбол одағы (УЕФА) Қазақстан мен Молдова құрамалары арасындағы тоғыспа кездесудің қашан өтетінін белгіледі, деп жазады Moldfootball.com порталы. 

УЕФА бекіткен күнтізбеге сәйкес бірінші кездесу 2022 жылдың 24 наурызында "Зимбру" стадионында болады. 

Ал жауапты ойын 2022 жылдың 29 наурызында Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана Арена" стадионында өтеді. 

Бұл жұптағы жеңімпаз құрама 2022/23 жылғы маусымда Ұлттар лигасында өз орнын сақтап қалса, жеңілген команда D лигасына түседі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: