Ұлттық құраманың экс-ойыншысы ҚПЛ клубына қызметке орналасты
Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы Мақсат Байжанов Қайсар клубының спорттық директоры болып тағайындалды, деп жазады "Серый CARDINAL" телеграм-арнасы.
Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы Мақсат Байжанов Қайсар клубының спорттық директоры болып тағайындалды, деп жазады "Серый CARDINAL" телеграм-арнасы.
38 жастағы Байжанов спорттық жолын биылғы маусымның қорытындысы бойынша аяқтаған еді. Бірінші лигада "Қайсар" сапында 21 матчта 3 гол салып 4 рет нәтижелі пас шығарды. Ал оның командасы премьер-лигаға қайта оралды.
Еске салайық, Мақсат Байжанов Қызылорда футбол мектебінің түлегі. Ол әр жылдары "Атырау", "Шахтер", "Жетісу", "Ақтөбе", "Астана" және "Ертіс" клубтарында өнер көрсеткен. Қазақстан құрамасының сапында 2005-2017 жылдары ойнады.
Жарнама