Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Самат Отарбаев келесі маусымда басқа клубта ойнайды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Meta-ratings.kz сайтының мәліметінше, Отарбаев Қазақстан Премьер-лигасының дебютанты "Ақсу" командасына ауысуға жақын. Қақпашы бірнеше күннен бері Павлодарда жаңа командада оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.
Еске салайық, Отарбаев осыған дейін 2020 жылы "Қыран" ұжымының намысын қорғаған болатын. Спорттық карьреасында голкипер "Ордабасы", "Ақтөбе" және "Тараз" командаларының қақпасын күзеткен. Кезінде Қазақстан жастар құрамасының негізгі қақпашысы болды және негізгі құрама командада да ел намысын қорғады.