Еуропа чемпионатына шыққаны үшін УЕФА ұлттық қауымдастықтарына 9,25 миллион еуро төленеді. Беларуссия құрамасы алдағы Еуропа чемпионатына іліккен жағдайда команда сомманың 80 пайызын алады, демек, 7,4 миллион еуро. Төлемдер футболшылар мен ұлттық команда қызметкерлеріне жасалады. Бұл туралы БФФҚ төрағасы Владимир Базанов мәлімдеді.
26 наурызда Белоруссия Ұлттар лигасы жартылай финалындағы D дивизионы аясында Грузиямен ойнайды. Егер Белоруссия құрамасы ұтса, команда Солтүстік Македония - Косово жұбының жеңімпазымен Еуро-2020 жолдамасы үшін таласады.
Айта кетейік, Маевский мен Эбонгадан бөлек Белоруссия құрамасына қазақстандық клубтардан "Жетісу" қорғаушысы Никита Наумов пен "Ертіс" қақпашысы Сергей Черник шақыртылуы мүмкін.