Мальдив елінің жастар ісі, спорт және қоғамдық өмір министрі Ашад Али Шри-Ланкада өтіп жатқан турнир аясында Сейшел командасымен жолдастық кездесуде алаңнан қуылды.
35 жастағы Али ұлттық құрама сапында алаңға екінші таймда шығып, екі минут өтпей жатып қарсылас команда футболшысын басынан ұрды. Осы үшін ол қызыл қағаз алып, ойыннан шеттелді.
Бұл оқиғаны Мальдив жоғары сотының баспасөз хатшысы Амин Файсал твиттерде жариялап: "Бұл футбол емес! Ашад Али, бұл масқара!" - деп жазыпты.
2018 жылы министр болғанға дейін Али футбошы еді, алайда, одан кейін де карьерасын аяқтамады.