Ұлттар лигасындағы матч алдында Қазақстан құрамасы тағы бірнеше ойыншыдан айырылды

Сурет: ҚФФ
Ұлттар лигасындағы Беларусьпен сырт алаңдағы матч алдында Қазақстан құрамасы бірнеше ойыншыдан айырылып отыр,- деп хабарлайды ҚФФ.

Алдағы кездесуде қорғаушы Александр Марочкин мен жартылай қорғаушы Юрий Перцух болмайды. Екеуі де Албаниямен ойында жарақат алған.

Осылайша, "Тобылдың" қорғаушысы Сұлтан Әбілғазы бірінші рет құрама сапына шақыртылды.

Еске салайық, мұның алдында ұлттық команда капитаны Бауыржан Исламхан да жарақат алып, ойнай алмайтыны белгілі болды.

Ал Албаниямен матч алдында коронавирусқа байланысты қорғаушы Нұрәли Әліп пен бельгиялық "Беерсхот" ойыншысы Ян Вороговский құрамаға қосыла алмайтыны анықталды. Сондай-ақ, жарақат салдарынан форвард Алексей Щеткин мен қорғаушы Дмитрий Мирошниченко да құрама сапында болмайды.

Михал Билек жаттықтыратын команда Беларуське қарсы ойынды ертең,15 қазанға қараған түні өткізеді.