Ұлттар лигасындағы Қазақстан құрамасының қарсыластары мен ойын кестесі белгілі болды

© ҚФФ
2020/21 маусымындағы УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңіндегі Қазақстан құрамасының ойын кестесі белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

С дивизионыныдағы төртінші топқа түскен Михал Билек жаттықтыратын команда екінші турнирдегі жарысты 4-ші қыркүйек Литва құрамасымен бастайды. Бұл командамен 15 қарашада тағы бір матч өтеді. 

Ұлттар лигасының жеребесі кеше Амстердамда өтті. Оның қорытыдысы бойынша Қазақстан Литва, Албания және Беларуссиямен бір топта. 

Ұлттар лигасы топтық кезеңіндегі Қазақстан құрамасының ойын кестесі:

1-ші тур, 4 қыркүйек, Литва - Казахстан

2-ші тур, 7 қыркүйек, Казахстан - Беларусь

3-ші тур, 10 қазан, Казахстан - Албания

4-ші тур, 13 қазан, Беларусь - Казахстан

5-ші тур, 12 қараша, Албания - Казахстан

6-ші тур, 15 қараша, Казахстан - Литва