Ұлттар лигасындағы Қазақстан - Беларусь матчіне тікелей трансляция

Сурет: ҚФФ
Бүгін, 15 қазанға қараған түні футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында төртінші матчін өткізеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Михал Билек жаттықтыратын команда Беларуське қарсы сырт алаңда ойнайды. С лигасындағы 4 топ кездесуі Минскте өтеді. Басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 00:45.

Матчті Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Интернеттегі трансляция мына сілтеме бойынша қолжетімді.

Төрт тур қорытындысы бойынша Қазақстан төрт ұпаймен топта бірінші келеді. Одан кейін Албания, Беларусь және Литва (бәрінде төрт баллдан).