Ұлттар лигасында ойнайтын Қазақстанның нақты құрамы белгілі болды

13 қыркүйек 2022 16:42
©ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев УЕФА Ұлттар лигасында Беларусь (22 қыркүйек) және Әзірбайжан (25 қыркүйек) командаларымен өтетін ойындарға шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады.

Оқу-жаттығуы жиыны 14 қыркүйек күні елордада басталады.

Қорытынды тізімге 27 ойыншы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий ("Шахтер"), Мұхаммеджан Сейсен ("Тараз"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы");

Қорғаушылар: Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (барлығы – "Тобыл"), Елдос Ахметов ("Тараз"), Михаил Габышев, Талғат Көсепов (екеуі де – "Астана"), Марат Быстров ("Ахмат", Ресей), Темірлан Ерланов, ("Ақтөбе"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Юрий Логвиненко, Рамазан Оразов, (екеуі де – "Ақтөбе"), Асхат Тағыберген, Самат Жарынбетов (екеуі де – "Тобыл"), Аслан Дарабаев, Тимур Досмағамбетов, Исламбек Қуат (барлығы – "Астана"), Ян Вороговский ("Моленбек", Бельгия), Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Эльхан Астанов ("Ордабасы"), Әділет Садыбеков ("Қайрат");

Шабуылшылар: Абат Айымбетов ("Астана"), Абылайхан Жұмабек ("Тараз"), Артур Шушеначев ("Қайрат"), Роман Муртазаев ("Шахтер");

Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Заур Нозадзе – сарапшы бапкер.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар