Ұлттар лигасында Қазақстанның бас қарсыласы Словакия сырт алаңда Әзірбайжанды ұтты

©sport.bigmir.net

Үлттар лигасы, "С" тобы 3-ші себеттегі Әзірбайжан мен Словакия құрамалары арасындағы кездесу аяқталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Далга" стадионында өткен ойын 0:1 есебімен Словакия құрамасының пайдасына аяқталды. Кездесудегі жалғыз голды ойынның 81-минутында Владимир Вайс соқты. 84-минутта Лукас Хараслин есепті еселеген еді. Бірақ төреші бейнеқайталауды қарап, голды есепке алмады. 

Айта кетейік, бұл ойында Словакияны бас бапкер ретінде құраманың бұрынғы ойыншысы Самуэль Словак бастап шықты. Себебі, Қазақстаннан ұтылған (0:1) ойыннан кейін Словакия футбол федерациясы бас бапкер Штефан Тарковичты қызметінен босатқан болатын. 

Осылайша, үш ойыннан кейін Словакия құрамасы 6 ұпай жинап, екінші орынға жайғасты. Ал Әзірбайжан құрамасы бір ұпаймен топтың соңғы сатысында. Аталған топта екі ойыннан кейін 6 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы топты бастап тұр. 

Еске салайық, бүгін Қазақстан құрамасы Нови-Сад қаласында Беларусь құрамасына қарсы ойын өткізеді. Содан соң 13-маусым күні біздің құрама Нұр-Сұлтан қаласында Словакияны қабылдайды.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар