12 ақпанда Брюссельде УЕФА Ұлттар лигасы-2026/27 жалпы кезеңінің жеребесі өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан ұлттық құрамасы С дивизионының 3-тобында бақ сынайды. Қарсыластары - Словакия, Фарер аралдары және Молдова құрамалары.
Топтық кезеңде әр команда алты матч өткізеді: үшеуі өз алаңында, үшеуі сырт алаңда.
А дивизионы
1-топ: Франция, Италия, Бельгия және Түркия
2-топ: Германия, Нидерланд, Сербия және Грекия
3-топ: Испания, Хорватия, Англия және Чехия
4-топ: Португалия, Дания, Норвегия және Уэльс
B дивизионы
1-топ: Шотландия, Швейцария, Словения және Солтүстік Македония
2-топ: Венгрия, Украина, Грузия және Солтүстік Ирландия
3-топ: Израиль, Аустрия, Ирландия және Косово
4-топ: Польша, Босния және Герцеговина, Румыния және Швеция
C дивизионы
1-топ: Албания, Финляндия, Беларусь және Сан-Марино
2-топ: Черногория, Армения, Кипр және Латвия/Гибралтар (2026 жылғы наурыздағы плей-офф қорытындысы бойынша анықталады)
3-топ: Қазақстан, Словакия, Фарер аралдары және Молдова
4-топ: Исландия, Болгария, Эстония және Люксембург/Мальта
D дивизионы
1-топ: Гибралтар/Латвия, Мальта/Люксембург және Андорра
2-топ: Литва, Әзірбайжан және Лихтенштейн
Тур кестесі
1-тур: 24–26 қыркүйек 2026 жыл
2-тур: 27–29 қыркүйек 2026 жыл
3-тур: 30 қыркүйек – 3 қазан 2026 жыл
4-тур: 4–6 қазан 2026 жыл
5-тур: 12–14 қараша 2026 жыл
6-тур: 15–17 қараша 2026 жыл
30 қыркүйек 2026 жыл әдетте "Футбол апталығы" аясында матч өткізу күні ретінде қарастырылмайды, алайда үшінші тур ойындары үшін ерекше жағдайда пайдаланылуы мүмкін.
B және C лигаларындағы топ жеңімпаздары, сондай-ақ D лигасының екі топ жеңімпазы автоматты түрде жоғары дивизионға көтеріледі.
Ал А және B лигаларында соңғы орын алған құрамалар төменгі дивизионға түседі. C лигасында ең нашар нәтиже көрсеткен екі төртінші орын иегері D лигасына өтеді.
Топтық кезең 2026 жылдың қарашасында аяқталады. А лигасының үздік командалары 2027 жылғы наурызда өтетін екі матчтық ширек финалда (үйде және сырт алаңда) жеңіске жетсе, финалдық кезеңге жолдама алады. Финалдық турнир 2027 жылдың маусымында өтіп, дәстүр бойынша төрт команда қатысады.