УЕФА Ұлттар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы ширек финалға өткен соңғы құрама анықталды. Ол Дания мен Норвегия арасындағы матчтан кейін белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Копенгагенде өткен кездесу қонақтардың 3:2 есебімен жеңісімен аяқталды. Айта кетейік, матч барысында алаң иелері 2:0 есебімен алда тұрғанымен, басымдығын сақтай алмай, ұтылып қалды.
Осы ойыннан кейін екі құраманың да еншісінде тоғыз ұпайдан болды. Алайда қосымша көрсеткіштер бойынша Норвегия екінші орынға тұрақтап, ширек финалға жолдама алды. Ал Дания топты үшінші орынмен аяқтап, А лигасындағы орнын сақтап қалу үшін шешуші матчтарға қатысады.
А лигасының 4-тобындағы алты турдан кейінгі жағдай:
Португалия – 15 ұпай;
Норвегия – 9 ұпай;
Дания – 9 ұпай;
Уэльс – 3 ұпай.
Еске салайық, А лигасындағы әр топтың үздік екі командасы Ұлттар лигасының ширек финалына жолдама алды. Бұл кезеңнің матчтары наурыз айында өтеді.
Топтық кезең қорытындысы бойынша турнир жүлдесі үшін Германия, Нидерланд, Франция, Бельгия, Англия, Испания, Португалия және Норвегия құрамалары таласады.
Ұлттар лигасының ширек финалындағы жеребе рәсімі 20 қарашаға жоспарланған.
Жарнама