Футбол
Бүгін 20:39

Ұлттар лигасы матчіне. Дастан Сәтбаев Қазақстан құрамасына кірмей қалды

©ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Схип УЕФА Ұлттар лигасының соңғы матчтарына шақырылған футболшылардың түпкілікті тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ұлттық құрамаға 27 футболшы шақырылды. Алайда Англияның "Бёрнли" клубының шабуылшысы Дастан Сәтбаев тізімге енген жоқ.

Қақпашылар: Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Александр Заруцкий ("Ақтөбе"), Стас Покатилов ("Сабах", Әзербайжан).

Қорғаушылар: Әлібек Қасым, Ян Вороговский (екеуі де - "Астана"), Әрсен Әшірбек, Әділбек Жұмахан (екеуі де - "Елімай"), Сергей Малый ("Ордабасы"), Владислав Васильев ("Оқжетпес"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Александр Мрынский ("Қайрат"), Наурызбек Жағоров ("Тобыл"), Темірлан Ерланов ("Ақтөбе").

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Алмас Төлібай (екеуі де - "Елімай"), Айбол Әбікең ("Қызылжар"), Исламбек Қуат ("Жеңіс"), Еркін Тапалов ("Қайрат"), Бауыржан Исламхан, Дінмұхамед Қараман (екеуі де - "Астана"), Жасұлан Әмір ("Ордабасы").

Шабуылшылар: Ислам Чесноков ("Крылья Советов", Ресей), Исмаил Бекболат, Азамат Тұяқбаев (екеуі де - "Қайрат"), Рамазан Кәрімов ("Астана"), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де - "Ахмат", Ресей).


Қараша айында Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында Молдова және Словакия құрамаларымен кездеседі.

Қазақстан құрамасының алдағы матчтары:

13 қараша 2026 жыл, 22:00

Молдова - Қазақстан

Стадион: "Зимбру", Кишинев.

16 қараша 2026 жыл, 20:00

Қазақстан - Словакия

Стадион: "Астана Арена", Астана.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport