Ұлттар лигасы матчінде Қазақстан құрамасында беларуссиялық клуб футболшысы ойнады

Владислав Васильев. Сурет: ҚФФ
Беларуссиялық "Рух" командасының жартылай қорғаушысы Владислав Васильев Қазақстан құрамасы үшін алғашқы ойынын өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ұлттар лигасы топтық кезеңінің төртінші турындағы Беларусьпен ойында Васильев алаңға негізгі құрамда шықты. 

Осылайша, хавбек "Рух" клубының тарихында ұлттық құрамада ойнаған жалғыз ойыншы болды. Осы маусымда футболшы командасы үшін 23 матчте алты гол салып, бес нәтижелі пас берген. 

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы сапында капитан байлауымен алаңға Сергей Малый шыққан еді. Ал Албаниямен өткен матчте (0:0) Қазақстан құрамасы үшін "Жетісу" шабуылшысы Айбар Жақсылықов бірінші ойынын өткізген.
Жаңалықтар