Футбол
30 наурыз 2022 17:03

Ұлттар лигасы матчінде жарақат алған Сүйімбаевтың жағдайына қатысты ақпарат шықты

©ҚФФ

Ұлттар лигасы Молдовамен қарымта матчте Ғафуржан Сүйімбаев алған жарақат ауыр емес, деп хабарлайды Vesti.kz.

Футболшының бірінші таймда миы шайқалып, ауруханаға жеткізілген болатын. 

"Ақсу" ФК баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір Сүйімбаевтың денсаулығына еш қауіп жоқ. Дәрігерлер оған демалып, жаттығуды доғара тұруға кеңес берді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport