Ұлттар Лигасы. Бас бапкер құрама тізімін жариялады

©ҚФФ

Футболдан Ұлттар Лигасы турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының кеңейтілген ойыншылар тізімі жарияланды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маусым айында Магомед Адиев баптайтын Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасының үшінші жарысына қатысады. Осы уақыт аралығында біздің құрама Әзірбайжан, Словакия (2 рет) және Беларусь құрамаларымен ойнайды.

Оқу-жаттығу жиыны 24 мамыр күні Нұр-Сұлтанда басталады.

Қақпашылар: Игорь Шацкий ("Шахтер"), Мұхаммеджан Сейсен ("Тараз"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Стас Покатилов ("Ақтөбе");

Қорғаушылар: Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (барлығы – "Тобыл"), Юрий Логвиненко, Темірлан Ерланов (екеуі де – "Ақтөбе"), Марат Быстров ("Ахмат", Ресей), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Елдос Ахметов ("Тараз"), Михаил Габышев ("Шахтер"), Талғат Көсепов ("Астана");

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Владислав Васильев, Самат Жарынбетов (барлығы – "Тобыл"), Аслан Дарабаев, Исламбек Қуат (екеуі де – "Астана"), Думан Нәрзілдаев ("Каспий"), Тимур Досмағамбетов ("Шахтер"), Ян Вороговский ("Моленбек", Бельгия), Ғафуржан Сүйімбаев ("Ақсу"), Эльхан Астанов ("Ордабасы"), Бауыржан Байтана ("Тараз"), Рамазан Оразов, Максим Самородов, Арман Кеңесов (барлығы – "Ақтөбе");

Шабуылшылар: Артур Шушеначев ("Қайрат"), Абат Айымбетов ("Астана"), Айбар Жақсылықов ("Тобыл"), Абылайхан Жұмабек ("Тараз");

Жаттықтырушлар штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Арслан Халимбеков – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Заур Нозадзе – сарапшы-бапкер.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport