25 қыркүйекте Қазақстан құрамасы 2022 жылғы Ұлттар лигасындағы соңғы ойынын өткізеді. Бакуде Магомед Адиев шәкірттері Әзірбайжан құрамасымен кездеседі.
Қазақстандықтар алаңға С лигасының 3-тобының жеңімпазы ретінде шығады, ал әзірбайжандықтардың мотивациясы жоғары болады. Олар жеңіске жетуге және қорытынды екінші орынды алуға тырысады.
Әзірбайжан – Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 21:50-де басталып, мына сілтеме арқылы қолжетімді болады.