Ұлттар Лигасы-2022/23. Гуральскидің командасы турнирді камбэкпен бастады

©globallookpress

Футболдан Польша құрамасы Ұлттар Лигасында Уэльстен ұтылып жатып камбэк жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

А дивизионының 4 тобында Вроцлавтың "Тарчиньски Аренасындағы" матч 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Аталмыш ойынның 52-минутында Джонатан Уильямстың голынан кейін поляктар кездесу соңына дейін екі гол салды. Атап айтқанда 75-минутта Якуб Каминьски мен 85-минутта Кароль Свидерски ерекшеленді. Бір қызығы "Қайрат" жартылай қорғаушысы Яцек Гуральскидің орнына 60-минутта шыққан Камински гол соғып көзге түсті.

Енді Польша құрамасы келесі ойынын 8 маусымда сырт алаңда Бельгия командасына қарсы өткізсе, дәл сол күні Уэльс өз алаңында Нидерланды құрамасын қабылдайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport