Босния және Герцеговина құрамасының ойыншысы Миралем Пьянич 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеудегі Қазақстанмен өткен матчке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Пьяничтің "Барселонамен" келісімшарты бар, каталондықтар оны қыркүйекте түркиялық "Бешикташқа" жалға берген еді.
"Бұл үлкен қателік, айтарға ештеңе жоқ. Өз алаңымызда маңызды екі ұпайдан айырылдық. Мүмкіндік көп болды, оларды пайдалана алмадық. Футболда жіберіп алған мүмкіндік үшін жазаланасың. Матч соңында жеңісті жіберіп алғанымыз өкінішті.
Олармен ойнау оңай емес. Егер бастапқы екі команда қатарында болғымыз келсе, келесі ойында ұтуымыз қажет.
Франциядан кейін басқа нәтижеге үміттендік. Жаман ойнадық демеймін, бірақ, қауіпті жағдайларға бармай, тартынып қалдық. Бір айдан кейін Қазақстан мен Украинадағы матчтерде ұпай жинауымыз керек", - деп береді Пьяничтің сөзін Scsport.