Ұлан Қонысбаев үлкен футболға қайта оралды

сурет: Taraz FC

Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Ұлан Қонысбаев "Тараз "ойыншысы атанды. Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлімдеп отыр.

"Мен алғашқы жетістіктерім басталған "Таразға" қайта оралғаныма қуаныштымын. Өз қалпыма қайта келіп, бар күшімді салуға тырысамын. Сүйікті жұмыспен айналысуды қатты сағындым. Клуб басшылығына қолдау көрсеткені үшін шынайы ризашылығымды білдіремін және олардың сенімін ақтауға тырысамын", - делінген жамбылдықтар сайтында.

Еске салсақ, Ұлан Қонысбаев әр жылдары "Тараз", "Астана", "Шахтер", "Қайрат", "Атырау", "Ақтөбе" және "Оқжетпес" командалары сапында доп тепкен. Дегенмен 2016 жылы Қытай мен Қазақстан арасындағы жолдастық матчтан кейін Қонысбаев ауыр жарақат алып, содан бері жоғары деңгейін көрсете алмай келеді. Ендеше Жамбыл футбол мектебінің түлегіне алдағы уақытта сәттілік тілейміз.

Метки: