Футбол
26 қаңтар 2022 10:45

Украиналық тәжірибелі қақпашы қазақстандық клубқа қосылуы мүмкін

©dynamo.kiev.ua

Украиналық тәжірибелі қақпашы Константин Махновский "ВПК-Агро" клубымен келісімшартты үзгеннен кейін карьерасын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Meta-ratings.com.ua. Қазіргі таңда 33 жастағы "Динамо" түлегі Түркияда "Ақжайықпен" жаттығу жиынында.

Оралдық команданың қазіргі бапкері украиналық Владимир Мазяр, ал қақпшаларды оның отандасы Геннадий Жилкин жаттықтырады.

Биылғы маусымда Махновский "ВПК-Агро" сапында бірінші лигада 12 матч өткізіді және Украина кубогында екі ойынға қатысты.

Оған дейін голкипер польшалық ЛКС пен "Легияда" ойнады, ал отанында "Оболонь", "Севастополь", "Сумы", "Десна" және "Олимпик", Әзірбайжанда "Ряван", Латвияда "Вентспилс" командаларында өнер көрсетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport