Украиналық Руслан Малиновский "Милан" сапына ауысуы мүмкін

©Reuters

"Аталанта" командасының украиналық шабуылшысы Руслан Малиновский карьерасын "Миланда" жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы Football Italia хабарлады. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, "Милан" командасы жазғы трансфер кезінде шабуыл шебін күшейтіп алуға ниетті. Команда басшылары қазіргі уақытта Руслан Малиновскийдің кандидатурасын қарастыруда. 

Ал "Аталанта" болса украиналық футболшының орнына Надим Байрами ("Эмполи"), Нао Ланг ("Брюгге"), және Доменико Берардиді ("Сассуоло") сатып алуы мүмкін. 

Айта кетейік, Малиновский "Аталанта" сапында Италия чемпионатында 92 кездесуге қатысып, 22 гол соғып, 19 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы 28 жастағы футболшыны 30 миллион еуроға бағалап отыр. Руслан Украина құрамасында 45 ойын өткізіп, 6 гол соққан. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport