Украиналық клубта коронавирус инфекциясы ушығып тұр

©ФК РУХ

"Рух" клубының 11 ойыншысынан коронавирус инфекциясының белгілері табылған, деп жазады Vesti.kz сайты Футбол NEWS басылымына сілтеме жасап.

Олардың арасында Павел Ориховский коронавирустың ең ауыр формасымен ауырған. Қазіргі таңда ойыншының жағдайы бір қалыпты. Сонымен қатар, клуб қызметкерлерінің арасында да індет жұқтырғандар табылды.

Осының салдарынан клуб басшылығы команданы карантинге жапты. Нәтижесінде Украина премьер-лигасының 11 турында "Ингульцпен" өтетін матч кейінге шегерілді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар