Украина мен Шотландия өтпелі матчты қашан ойнайтыны белгілі болды

©uaf

Еуропа футбол одағы (УЕФА) Украина мен Шотландияның өтпелі ойынды қашан өткізетінін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қос ұжым арасындағы матч 1 маусым күні өтеді. Ал жеңімпаз араға бес күн салып Уэльс командасымен Катардағы әлем чемпионатының жолдамасын сарапқа салады.

Еске салайық, Катардағы футбол тойы 21 қараша мен 18 желтоқсан аралығы болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport