Украина құрамасының бапкері допингпен ұсталған Қазақстан ойыншысына қатысты пікір білдірді

©eurosport.ru

Футболдан Украина құрамасының бас бапкері Александр Петраков допингпен ұсталған Қазақстан құрамасының ойыншысы Руслан Валиуллиннің мәселесіне қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы Dynamo.kiev.ua жазды. 

- 1 қыркүйек күні Украина құрамасының қақпасына екі гол соққан Қазақстан құрамасының футболшысы Руслан Валиуллиннің допингпен ұсталғаны белгілі болды. Бұл ақпарат жайында не айтасыз?

- Ештеме айта алмаймын. Мен мұндай мәселеге пікір білдіруге қарсымын. Біз Қазақстанда тең ойнап, екі ұпайдан айырылдық. Мен біреудің арқасында өз бақытымды табатын адам емеспін. 

Инсайдерлер ақпараты бойынша, допингпен ұсталғанына байланысты Валиуллин Қазақстан құрамасының Босния және Герцеговинаға қарсы кездесуге қатыспаған. 

Қорғаушыдан қандай рұқсат етілмеген дәрмек және қай ойыннан кейін допингтің анықталғаны әзірге белгісіз болып тұр. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар