Украина құрамасы тоғыспа кездесуден кейін Ресейді мазақ етті
Украина футбол қауымдастығы 2022 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шыға алмағаннан кейін Ресей құрамасын мазақ етті.
Украина футбол қауымдастығы 2022 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шыға алмағаннан кейін Ресей құрамасын мазақ етті.
Тоғыспа ойындардың финалында Украина құрамасы Уэльспен ойнап, 0:1 есебімен жеңіліп қалған болатын. Осылайша, бұл құрама Катарда өтетін әлем чемпионатына бара алмайды.
"Өздеріңізде көрдіңіздер, Украина құрамасы осындай қиын-қыстау кезеңде бізге үлкен үміт сыйлады. Біз сіздердің ойындарыңызды мақтан тұтамыз. Александр Петраков пен оның командасына мың алғыс. Сіз жағдай қиын кезде ұлттық құраманың тізгінін ұстап, тоғыспа кездесуге дейін алып келдіңіз. Біз бұл айқаста жеңілдік. Бірақ алда әлі талай ойындар бар. Ресей, ал сенде қанша ойын бар?", - деп жазды Украина футбол қауымдастығы.
Еске салайық, осыған дейін ФИФА мен УЕФА Ресейдің барлық құрамалары мен клубтарын Украинадағы жағдайдан кейін халықаралық жарыстардан шеттеді.
Жарнама