Украина құрамасы ӘЧ-2022 іріктеу финалына шықты

©championat

Футболдан Украина құрамасы әлем чемпионатына жолдама берілетін іріктеу турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Александр Петраков баптайтын украин командасы жарыстың жартылай финалында Шотландиямен кездесті. Глазгодағы Хэмпден Парк стадионындағы матч шығыс еуропалықтардың жеңісімен аяқталды. Қорытынды есеп 1:3.

Жеңімпаздар сапында Андрей Ярмоленко (33-минут), Роман Яремчук (49-минут) және Артем Довбик (90+5-минут) гол салды. Ал "кельттер" сапында Каллум Макрегор (79-минут) есеп айырмасын қысқарта алды.

Енді Украина құрамасы 5 маусым күні финалда Уэльспен кездеседі. Жеңіске жеткен команда Катардағы футбол тойына жолдама алады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport