Футболдан Украина құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында екі ойынға қатысатын кеңейтілген құрамын жариялады, деп жазады Vesti.kz порталы.
1 қыркүйек күні Украина сырт алаңда Қазақстан құрамасына қарсы, ал 4 қыркүйек күні өз алаңында Францияға қарсы кездесу өткізеді.
Қақпашылар: Георгий Бущан ("Динамо"), Анатолий Трубин ("Шахтер"), Андрей Лунин ("Реал").
Қорғаушылар: Илья Забарный, Виталий Миколенко, Александр Караваев, Александр Тымчик, Александр Сирота (барлығы - "Динамо"), Сергей Кривцов, Николай Матвиенко, Виктор Корниенко (барлығы - "Шахтер"), Эдуард Соболь ("Брюгге").
Жартылай қорғаушылар: Сергей Сидорчук, Николай Шапаренко, Виталий Буяльский, Виктор Цыганков (барлығы - "Динамо"), Тарас Cтепаненко ("Шахтер"), Руслан Малиновский ("Аталанта"), Александр Зинченко ("Манчестер Сити"), Андрей Ярмоленко ("Вест Хэм Юнайтед"), Александр Зубков, Игорь Харатин (екеуі - "Ференцварош").
Шабуылшылар: Роман Яремчук ("Бенфика"), Артем Довбик ("Днепр-1").
Еске салайық, бұған дейін Украина құрамасының бас бапкері болып Александр Петраков тағайындалған еді. Ал оған дейін құраманы Андрей Шевченко жаттықтырады.