Қазақстан құрамасы батыл, әрі сенімді ойнады. 2022 жылғы әлем чемпионаты іріктеу ойындарындағы Қазақстанның сенсациялық матч өткізуінің негізгі себебі осы. Бұл туралы France Football және L'Équipe газеттерінің журналисі Седрик Чапиус Vesti.kz тілшісімен болған әңгіме барысында айтып берді. Оның айтуынша Францияға қарсы ойында қазақстандықтар өздерін жайсыз сезінгендей көрінген.
"Украиналықтар өздерінде болған бірнеше мүмкіндікті жіберіп алғанын, ал Қазақстан құрамасы жалғыз оңтайлы сәтті өз пайдаларына шешіп үлгергенін мойындау керек. Ойын барысында қақпашы ерекше көзге түсті. Алаңның осы бөлігі дәл қазір сіздердің құрамада мықты екені даусыз. Сонымен қатар, команданың ойынға іштей дайындығын да мойындау керек. Францияға қарсы ойынның да бірінші таймында қазақстандық ойыншылар қатты қобалжыған еді. Алайда екі ойында да футболшылар өздеріндегі ішкі сезімдерді жеңе білді. Украина құрамасы жеңіске лайық болды, алайда, қарсыластарының жеңіске ұмтылысы олардың бетін қайтарды. Қонақтар қарсы шабуылдан қорықпады. Бұл өз кезегінде ойынды Қазақстан қақпасының айналасынан алыстатты. Меніңше бұл қазақстандық команда үшін ең ыңғайлы тактика. Осылай ойын өрнегін көрсете білсе, құрама әлі талайды таң қалдырады" - деді Чапиус.
Естеріңізге сала кетейік, 28 наурыз күні Франция сырт алаңда Қазақстан құрамасын 2:0 есебімен жеңді, ізін ала Босния және Герцеговинамен болған ойында өзіне тиесілі үш ұпайды қанжығасына байлады. Оған дейін Дидье Дешам шәкірттері Украинаға қарсы ойында 1:1 есебімен тең түскен еді.