Жуырда "Мақтаарал" клубын Артур Западня толықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
31 жастағы ойыншы спорттық карьерасында өз елінде "Десна", "Волынь", "Львов", "Верес", "Сума", "Ворскла", "Ильичевец" сынды клубтарының намысын қорғаған. Ол соңғы рет "Металлист 1925" командасында доп тепті. 2009-2011 жылдары Украина жастар құрамасында өнер көрсеткен.
Еске салайық, оңтүстік қазақстандық ұжым биыл ҚПЛ біріншілігіне қатысады. Сондай-ақ, Премьер-Лигаға "Ақсу" клубы да жолдама алды.