Уэльс пен Швейцария құрамалары Еуропа чемпионатындағы бірінші ойынында тең түсті

Сурет: ukrinform.ru

Еуропа чемпионатындағы бірінші матчінде Уэльс пен Швейцария құрамалары тең ойнады, деп хабарлайды Vesti.kz

А тобындағы кездесу Бакуде өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Швейцария командасынан Брель Эмболо гол салды (49-шы минутта), ал Уэльс құрамасынан Киффер Мур (74-ші минут).

Еске салайық, ашылу салтанатындағы матчте Италия құрамасы Түркияны ұтты. Осылайша, Италия үш ұпай жинап, А тобында көш бастады. 

16-маусымдағы келесі айналымда Уэльс командасы Түркия құрамасымен ойнайды.