УЕФА "Вэст Хэм" жанкүйерлеріне шектеу қойды

©Reuters

"Вэст Хэм" клубының жанкүйерлері Еуропа Лигасының 5-турында "Рапидпен" өтетін сырт алаңдағы матчқа қатыса алмайды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Себебі лондондық клубтың жанкүйерлері Бельгияда "Генкпен" болған ойынға барып, стадионда жергілікті фанаттармен қақтығысқан. Сонымен қатар, қарсыластар трибунасына белгісіз заттар лақтырған.

Осыған байланысты УЕФА "Вэст Хэм" жанкүйерлеріне қатаң шара қолданып отыр. Сол жағдайдан кейін Еуропа футбол одағы ағылшын командасына 34500 еуро айыппұл салды.

Еуропа Лигасының Н тобында 4-турдан кейін "Вэст Хэм" 10 ұпаймен көш бастап тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: