УЕФА Ұлттар лигасында жеңімпаз атану жолындағы күресті жалғастыратын сегіз құраманың жетеуі белгілі болды. Соңғы жолдаманы Дания мен Норвегия өзара сарапқа салады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ұлттар лигасының ширек финалына қай құрамалар өтті?
Күні кеше Германия құрамасы Нидерландты 5:0 есебімен ойсырата ұтты. Соған қарамастан, екі команда да өз тобында тиісінше бірінші және екінші орын алып, ширек финалға жолдама алды.
Қазіргі таңда келесі кезеңге шыққан құрамалар тізімі төмендегідей:
Франция – топ жеңімпазы;
Бельгия – топта екінші орын;
Германия – топ жеңімпазы;
Нидерланд – топта екінші орын;
Англия – топ жеңімпазы;
Испания – топта екінші орын;
Португалия – қорытынды орны әзірге анықталған жоқ.
Ширек финалға жолдама алатын соңғы құрама Дания мен Норвегия арасындағы матчтан кейін белгілі болады. Олардың кездесуі 18 қарашаға қараған түні өтеді.
Ширек финал жеребесі қашан өтеді?
Ұлттар лигасының ширек финалының жеребе тарту рәсімі 20 қарашаға жоспарланған. Өз топтарында бірінші орын алған құрамалар екінші орын иеленген командалармен кездеседі. Бұл ретте бір топта өнер көрсеткен құрамалар өзара ойнай алмайды.
Ширек финалдың алғашқы матчтары 25-27 наурыз аралығында өтсе, қарымта кездесулер 28-30 наурыз күндеріне белгіленген.
Жарнама