УЕФА үлгісімен. Қазақстан да сырт алаңдағы гол ережесін алып тастамақ

Сурет: "Астана" ФК

Футболдан Қазақстан кубогында сырт алаңдағы гол ережесіне өзгерту енгізбек, деп хабарлайды Meta-ratings.kz. ​

Бір ай бұрын УЕФА-ның атқару комитеті​ ​2021/22 маусымындағы іріктеуден бастап, барлық клубтық турнирде осы ережені алып тастау туралы шешім шығарған. 

Сырт алаңдағы гол ережесі екі матчтық ойында жеңімпазды анықтау үшін қолданылатын. Егер екі команда есебі тең болса, сырт алаңда көбірек гол салғаны жеңімпаз атанатын. Жеңімпаз бұлай анықталмаса, қосымша уақыт берілетін. Қосымша уақытта ешкім ұтпаса, 11 метрден пенальти сериясы белгіленетін еді. 

ҚКФЛ Қазақстан кубогы регламентіне өзгерісті ширек және жартылай финал деңгейінде енгізуді қарастырып отыр. Бұл кезеңдерде жеңімпаз екі ойын қорытыныдысы бойынша анықталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: