UEFA Чемпиондар лигасының іnstagram парақшасы үшінші турдың ең үздік сейвтерін ұсынды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл тізімге «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбековтің сейві де енді. Ол «Пафос» ойыншысы Влад Драгомирдің соққысын қайтарып, қақпасын аман сақтап қалды.
Айта кетейік, кипрлік команда төртінші минуттан бастап бір ойыншысымен кем ойнаған еді. Жоау Коррейя тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған болатын.
Еске сала кетсек, «Қайрат» Чемпиондар лигасында алғашқы ұпайын еншілеп, клуб тарихында маңызды жетістікке жетті.
Бұған дейін ресейлік «Футбол на Куличках» сайты Темірлан Анарбековті матчтың үздік ойыншысы деп таныған болатын.