Еуропалық футбол қауымдастықтарының кеңесі (УЕФА) сырт алаңда ойнайтын командалардың жанкүйерлеріне еурокубоктар мен ұлттық құрамалар матчтеріне қатысуға рұқсат берді, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұл рұқсат келесі аптадан бастап күшіне енеді, дегенмен, баратын елдің қозғалу шектеулері мен талаптарын ұстану керек болады.
Еске салайық, келесі аптада Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және "Қайрат" қатысып жатқан Конференция лигасы топтық кезеңдерінің бірінші матчтері өтеді.