Тарихта алғаш рет УЕФА Суперкубогі матчі - Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпаздары арасындағы кездесу 2028 жылы Астанадағы "Астана Арена" стадионында өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
УЕФА Суперкубогі өтетін орынды анықтадыМатч өтетін орынды таңдау УЕФА Атқарушы комитетінің Грекияның Салоники қаласында өткен отырысында шешілді. Жиын қорытындысы бойынша ұйым Астананы 2028 жылғы УЕФА Суперкубогін өткізетін қала ретінде жариялады.
Осылайша, Еуропалық клубтық футболының басты матчтардың бірі алғаш рет Қазақстанда өтеді. Екі еурокубок иегері арасындағы тартыс алаңы "Астана Арена" болады.
Астанада екі турнирдің жеңімпазы кездеседі2028 жылғы УЕФА Суперкубогінде 2027/28 маусымындағы Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпаздары кездеседі. Матчтың нақты өтетін күні кейінірек белгіленеді.
Мұндай маңызды кездесуді өткізу Қазақстан футболының тарихындағы ең ірі оқиғалардың біріне айналмақ. Бұған дейін еліміз еурокубок турнирлерінің матчтары мен халықаралық кездесулерді өткізгенімен, УЕФА Суперкубогі Қазақстан аумағында ешқашан өткен емес.