Футбол
14 тамыз 10:12
 

УЕФА суперкубогі үшін ПСЖ мен "Тоттенхэм" матчінде сұмдық тартыс болды

  Пікірлер

blog.share

УЕФА суперкубогі үшін ПСЖ мен "Тоттенхэм" матчінде сұмдық тартыс болды ©ПСЖ ФК

Италияның Удине қаласындағы "Дачия Арена" стадионында УЕФА Суперкубогы үшін матч өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Италияның Удине қаласындағы "Дачия Арена" стадионында УЕФА Суперкубогы үшін матч өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл матчте Чемпиондар лигасының жеңімпазы - франциялық "ПСЖ" және Еуропа лигасының триумфаторы - лондондық "Тоттенхэм" кездесті.

Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталып, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды.

Алғашқы голды жанкүйерлер 39-минутта көрді. Стандартты жағдайдан кейін доп париждік команданың айып алаңында бірнеше рет бағытын өзгертті, бағанаға тиіп барып, қорғаушы Мики ван де Веннің аяқ астына түсті. Ол допты бос қақпаға енгізіп, есеп ашты - 0:1.

Екінші тайм басталған соң ағылшындар басымдықты арттырды. 48-минутта Кристиан Ромеро бұрыштан баспен дәл соққы жасады - 0:2.

"ПСЖ" соңғы минуттарда қарымта қайтарды

Париждік команда матч соңында белсенділікті арттырды. 85-минутта Кан Ин Ли айып алаңы сыртынан қатты соққымен төменгі бұрышты дәл көздеп есепті қысқартты - 1:2.
Ал 94-минутта Гонсалу Рамуш командаласының пасын нәтижелі аяқтап, есепті теңестірді - 2:2.

Пенальти сериясында "ПСЖ" дәлдік көрсетті

Жеңімпаз 11 метрлік айып добынан кейін белгілі болды. Мұнда Луис Энрикенің шәкірттері нақтырақ ойнады - 4:3.

Осылайша, "Пари Сен-Жермен" жаңа маусымды тағы бір халықаралық трофеймен - УЕФА Суперкубогін иеленді.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!