Футбол
22 ақпан 2022 19:04

УЕФА Санкт-Петербургті Чемпиондар лигасы финалын өткізу құқынан айыруы ықтимал

©УЕФА

2022 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының финалы Санкт-Петербургте өтпеуі мүмкін, деп хабарлайды RMC порталы. 

Санкт-Петербургтің орнына Лондон қаласының кандидатурасы қарастырылып жатыр.

Финал 2022 жылы 28 мамырда Санкт-Петербургте өтуі керек еді. Бірақ Ресейдің ДНР мен ЛНР-ді мойындау туралы шешімі УЕФА-ны басқа нұсқаны іздеуге мәжбүр етті.

Айта кетейік, Ресей Федерациясының бұл әрекетін айыптап жатқан мемлекеттер аз емес. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport