УЕФА-ның стадиондар жөніндегі инспекторы Қызылорда қаласындағы «Қайсар Арена» стадионына жұмыс сапарын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Инспекция барысында УЕФА өкілі аренаның инфрақұрылымындағы негізгі нысандармен жан-жақты танысты. Әсіресе стадионның УЕФА инфрақұрылым регламенті талаптарына сәйкестігіне ерекше назар аударылды.
Сапар қорытындысы бойынша инспектор стадион сапасының жоғары деңгейде екенін атап өтіп, жобаның қысқа мерзімде жүзеге асырылғанын ерекше бағалады. Жалпы алғанда, арена алдын ала оң бағаға ие болды.
Қызылордадағы "Қайсар Арена" және Семей қаласындағы "Спартак" стадиондарына санат беру туралы түпкілікті шешімді УЕФА инспекция нәтижелері бойынша дайындалған толық есепті жан-жақты талдағаннан кейін қабылдайды. Бұл шешім аталған ареналарда УЕФА аясындағы ресми матчтарды өткізу мүмкіндігін айқындайды.
Жарнама