УЕФА-ның үздік ойыншысы мен бапкері анықталды

©Reuters

2021/22 жылғы маусымның қорытындысы бойынша УЕФА-ның ең үздік ойыншысы мен бапкері анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Дауыс беру қорытындысы бойынша "Реал" мен Франция құрамасының шабуылшысы Карим Бензама үздік ойыншы атанды.

Бензема өткен маусымда "Реал" сапында 46 матчта 44 гол салып, 15 нәтижелі пас берген. "Бланкоспен" бірге ол Испания чемпионаты мен Испания Суперкубогін жеңді. Сонымен қатар, Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.

Ал "Реал" бас бапкері Карло Анчелотти өткен жылдың нәтижесі бойынша кәрі құрлықтың ең үздік жаттықтырушысы атанды.

Италиялық маман "корольдік" клубпен жоғарыда атап өткен жетістіктерге бапкер ретінде қол жеткізді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport