УЕФА Қазақстанның Ұлттар лигасындағы қарсыласының Еуроға қатысты тағдырын шешті

21 қыркүйек 2022 10:53
©УЕФА

Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) Еуро-2024 жеребесінің процедурасын бекітті. Ресми құжатта Беларусь құрамасы да көрсетілген, деп хабарлайды Vesti.kz.

Дегенмен Украина мен Беларусь құрамаларын жеребе тарту кезінде түрлі топқа бөледі. Сонымен қоса, Армения мен Әзірбайжан, Гибралтар мен Испания, Косово мен Босния, Сербия мен Косово құрамалары да бөлек топтарда болады. 

Ал Ресей құрамасы Майнедегі Франкфурт қаласында (Германия) 9 қазанда өтетін жеребе тартуда болмайды. 

Еуро ойындары 2024 жылдың 14 маусымы мен 14 шілде аралығы Германияда өтеді.

Айта кетейік, Беларусь Ұлттар лигасының 3 дивизионында Қазақстан құрамасының қарсыласы. Командалар 22 қыркүйек Астанада ойнайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар