auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

УЕФА қазақстандық клуб Еуропа лигасынан шығарылғанын мәлімдеді

Команда айыппұл төлейді.

УЕФА қазақстандық клуб Еуропа лигасынан шығарылғанын мәлімдеді
© "Ордабасы" ФК
0
Шымкенттік "Ордабасы" 2020/21 және 2021/22 жылғы маусымдарда еурокубоктардан шеттетілді, - деп хабарлайды Vesti.kz УЕФА ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық клуб қаржылық Fair Play ережесін бұзғаны үшін жазаланды, сондай-ақ оларға 100 мың еуро айыппұл салынды. Егер "Ордабасы" 2021 жылдың 31 қаңтарына дейін кредиттік қарыздар ретінде көрсетілген соманы төлегенін дәлелдей алса, жазадан құтылады.

Осылайша, "Ордабасы" келер жылы Еуропа лигасында ойнамайды. Шымкенттік клуб ҚПЛ-дың қола жүлдесін еншілеген еді.

Еске салсақ, 2018 жылы да "Ордабасы" салық бойынша қарыздары үшін Еуропа лигасынан шеттетілген - сол кезде шымкенттіктердің орнына еурокубокқа "Тобыл" қатысқан болатын.

Айта кетсек, "Ордабасыдан" бөлек, словениялық "Олимпияға" 75 мың, сербиялық "Црвена Звездаға" 50 мың еуро көлемінде айыппұл салынды.

УЕФА қаржылық Fair Play ережесін 2011/12 жылғы маусымда енгізген. Оның мақсаты - қаражатты дұрыс жұмсау және шығындарды көбейтпеу.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар