УЕФА Қазақстан құрамасының допингпен ұсталған футболшысына қатысты іс қозғады. "Тобыл" ресми мәлімдеме жасады

©ҚФФ

Қостанайлық "Тобыл" командасы допингпен ұсталған Қазақстан құрамасының қорғаушысы Руслан Валиулинге қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

"Тобыл" футбол клубы Руслан Валиуллиннің допингке қарсы ережелерді бұзуға байланысты УЕФА тарапынан тәртіптік іс қозғалғаны туралы ақпарат алды.

Барлық ақпарат клуб ішіндегі құзыретті мамандарға жеткізілді. Қазіргі уақытта тыйым салынған заттардың футболшының қанына қалай енгенін анықтау үшін ішкі тексеру жүргізілуде.

Клубтың тағы бір футболшысы Сергей Малый мен Руслан Валиуллиннің допинг-сынамасы Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңі аясындағы "Жилина" – "Тобыл" матчынан кейін алынды. Сынақ нәтижесі футболшының жеке поштасына 2 қыркүйекте жіберілді. Ол уақытта футболшы Қазақстан құрамасымен Финляндияға аттанған болатын.

Клуб қазір істі мұқият зерттеу мақсатында ҚФФ заңды органдарымен үнемі байланыста екенін жеткізеді", - делінген "Тобыл" таратқан мәлімдемеде. 

Еске салайық, Руслан Валиуллин әлем чемпионатының іріктеуінде Украинаға қарсы ойнап, екі гол соққан еді. Ал кейін Финляндия мен Босния және Герцеговина құрамаларына қарсы кездесуге қатыспады. Кеше қорғаушының допингпен ұсталғаны анықталды

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: