Футбол
25 тамыз 08:26
 
УЕФА "Қайрат" - "Селтик" матчіне шешімін шығарды

  Пікірлер

blog.share

УЕФА "Қайрат" - "Селтик" матчіне шешімін шығарды ©"Селтик Парк", Чемпиондар лигасы, "Қайрат" ФК

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) Алматының "Қайрат" клубы мен Шотландияның "Селтик" командасы арасындағы Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің қарымта матчіне төрешілер құрамын тағайындады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бас төреші қызметін италиялық Маурицио Мариани атқарады. Оған көмек көрсететін ассистент төрешілер - Даниеле Биндони мен Альберто Тегони. Төртінші төреші — Маттео Маркетти, видео жүйесінің (VAR) бас төрешісі — Марко Ди Белло, ал оның көмекшісі — Валерио Марини.

Қарымта матч 26 тамыз күні Алматыдағы "Орталық" стадионда өтеді және сағат 21:45-те басталады.

Еске салайық, Глазгода өткен кездесу сенсациялық тең нәтижемен - 0:0 есебімен аяқталған болатын. Бұл жұптың жеңімпазы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алады, ал ұтылған команда Еуропа лигасында өнерін жалғастырады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!